Сапарбаев кабинетте отырып, қолын қалтасынан шығармай жүретін шенеуніктерді сынады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Алға ауданындағы мектеп интернат құрылысымен танысып, бірқатар кемшіліктер анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Алға ауданындағы мектеп-интернаттың құрылысын сынға алды. 600 орынды білім ордасы аудандағы үшауысымды мектеп проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Бірақ құрылыс жұмыстары кезінде бірқатар кемшіліктер жіберілген.
null 

Мәселен, бір мектепте екі басты кіреберіс бар. Бұл жоғары және бастауыш сынып оқушыларына арналғанымен, бос орынды бөлме етіп қайта жабдықтауға тапсырма берілді. Сонымен қатар, мектептің мәжіліс залында бірнеше бетті әрлеу бөлмесі қарастырылған. Өңір басшысы тапсырыс беруші Ақтөбе облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының қателігін бетіне басты.
null 

«Бір мектепке екі есік керек емес. Үнемі ескерту жасаймын. Жобаны қарап, құрылыс жұмыстарын тексеріп отырған дұрыс. Артығын алып тастап, қажеттісін жобаға енгізу қажет. Техникалық бақылау, авторлық бақылау қайда қарап отыр? Кабинеттен шығып, қарау керек. Тіпті, мектептегі мәжіліс залына үш бетті әрлеу бөлмесін жасап қойған. Бұрын ескерту жасап, басқа ауданда алдырып тастаған едім. Сол қателікті екінші рет жіберіп тұрсыңдар»,- деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев. Өңір басшысы Ақтөбе облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұртас Сейітовке кабинетте отырып емес, құрылысты аралап жүруді тапсырды.
null 

Айта кетейік, Алға ауданындағы 600 орынды мектеп, 100 орынды интернат құрылысы келер жылы пайдалануға беріледі. Құрылыс жұмыстарына 1,7 миллиард теңге жұмсалып жатыр. Ал 2018-2019 жылдары Ақтөбенің Хромтау ауданында да мектеп-интернат салынады. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдің барлық аудан орталығына дәл осы жолмен мектеп-интернат салуды жоспарлау қажет екенін айтты. Қазір үш ауданда бар.  

Соңғы жаңалықтар