Сапарбаев: Ешкім басымен ойлағысы келмейді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ауыл мен қалада тұрғызылатын білім, мәдениет, денсаулық сақтау нысандарының ғимараты аула ішіндегі сарай сияқты. Еш идея жоқ, жобалаушылардың біліктілігі жетпейді. 

Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мектеп, амбулатория, клуб құрылысы кезінде ескі әдістен арыла алмаған облыстық құрылыс және сәулет басқармасын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null 

Бүгін Ақтөбе облыстық құрылыс және сәулет басқармасы білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт нысандарының құрылысымен таныстырды. Бәрі бірыңғай. Көбі қызыл, сары түспен боялған. Жобалау жұмыстары ескі әдіспен жасалғанын көрген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құрылысшылар мен жобалаушыларды идеясы аз екенін айтып, ой жетпесе интернеттен қарауды ұсынды.

«Медициналық амбулаторияның сырт келбетін қара. Тағы үш миллион қосып, жақсы нысан салуға болады. Мынау не, ауылдағы сарай сияқты бірдеңе. Біреуі қойма сияқты. Мәселен, Есет батыр атындағы спортта дарынды балаларға арналған спор кешенінің құрылысы 370 миллион теңгеден асады. Дұрыстап жасауға болады ғой. Ұялмайсыңдар ма, бүкіл облысқа көрсетуге. Меніңше, колхозда мұнан жақсы жасай алады. Ақылың мен фантазияң жоқ па? Осыдан 20-30 жыл бұрын салды, мұндай нысандарды. Сен оларды жалғастырып отырсың. Сендер құрылысшысыңдар, адамдар кез келген нысанды атауынсыз тануы тиіс. Солай жасау керек. Мәдениет үйі өнерге, мектеп, балабақша балаларға қызықты етіп салынуы керек. Ешкім басымен ойлағысы келмейді. Қандай адамсыңдар?»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

null 

Жобаларды таныстыру кезінде қала әкімі Ілияс Испанов Астанада қорғап, нүктесі қойылған қаланың бас жоспарындағы аудан аты да Бердібек Сапарбаевқа ұнамай қалды. Қазіргі Батыс-2 ауданын «Ақтөбе Сити» деп атап, үшінші ықшамауданды салуы тиіс билік ойын күрт өзгертті. Сонымен, Батыс-3 ауданы 100 мың адамға шақталады. Жыл сайын 33 миллиард теңге салынып, Ұлттық қордан 19 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінеді деген жоспар бар. Республикалық бюджеттен 5, жергілікті қазынадан 9,5 миллиард теңге игерілуі мүмкін. Сөйтіп, қаланың орталығына, әкімшілік ауданға айналуы тиіс. 

null 

Соңғы жаңалықтар