Сапарбаев Болгарияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Болгарияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Василий Петковпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеге келген Болгария елшісі мен өңір басшысы Бердібек Сапарбаев сауда-экономикалық, мәдени ықтымақтастықты дамыту жайын сөз етті. Өңір үшін Болгарияда жақсы дамыған туризм саласының тәжірибесі өте пайдалы әрі қызықты.

«Қазақстанда 100-ден астам халық пен этникалық топ өкілдері тұрады. Мемлекет басшысының саясатына сәйкес біздер барлық азаматтарға ұлты мен дініне қарамастан тең жағдай жасап отырмыз. Өз кезегімізде біз облысымызда тұратын болгар азаматтарына Президенттің саяси бағытын қолдайтындықтары үшін ризашылығымызды білдіреміз», - деді облыс әкімі Б.Сапарбаев.

Өз кезегінде Болгарияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Василий Петков ұлттар арасындағы татулықты жоғары бағалады.
null

«Бұл маңынды сапар. Себебі мұнда 1500 этникалық болгар өмір сүреді. Облыс басшылығына оларды қолдағаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлтаралық келісім саясаты аясында нақты істер қолға алынған», - деді В.Петков.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанда 5 мыңға жуық этникалық болгар болса, оның 1500-і Ақтөбе облысында тұрады. Биыл болгар ұлтының Қазақстанға алғаш қоныстанғанына 110 жыл толды.

Соңғы жаңалықтар