Сапарбаев ауылдар арасындағы өткізу бекетінің үздіксіз жұмысы істеуін ұсынды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Қазақстан-Ресей арасындағы үкіметаралық комиссия отырысы кезінде Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өткізу бекетінің жұмысы туралы ұсыныс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде өткен үкіметаралық комиссияның отырысы кезінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаев қарапайым халықтың мәселесін қозғады. Себебі, Ақтөбе облысы Қобда ауданы мен Ресейдің Орынбор облысы арасындағы өткізу бекеті аптасына үш күн ғана жұмыс істейді. Бұл туған-туыс, ағайын үшін қиындық тудырып тұр.

«Ақтөбенің Жиренқопа ауылы мен Ресейдің Первомайский ауылы арасында өткізу бекеті бар. Өкініштісі, бекет аптасына үш тәулік жұмыс істейді. Біз бұл өткізу бекетін үздіксіз жұмыс режиміне көшіруді ұсынамыз. Сол кезде тек Қазақстанның басқа облыс, аудандары ғана емес, өзге елдің адамдары да осы жол арқылы өте алады», - деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Қазақстан-Ресей арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия отырысы кезінде бірқатар келісімдер жасалды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ресей теміржолды жаңғырту, транзиттік байланысты жандардыру үшін Ақтөбеде шығарылатын рельстерді сатып алады. 

Соңғы жаңалықтар