Сапарбаев Ақтөбедегі салынып жатқан көпір құнын төмендетуді талап етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жерүсті өткелін салу жобасын арзандатуды талап етті, деп хабарлады timeskz.kz.

Өңір басшысы «Ақтөбе ажары» 25 қабаттық тұрғын үй маңында салынуы тиіс көпір құнының тым қымбат екендігіне назар аударды.

«Маған үнемі жүргінші өткелін салу кемі 120-140 миллион тұрады дейсіңдер, бір жыл бойы жобалап жатырсыңдар. Таразда мұндай көпірді 32 миллионға салды. Бұл туралы «Казправда» жазды. Немене, сендер оны алтыннан салып жатырсыңдар ма?»,-деді әкім.

Шенеуніктер 140 миллионның басым бөлігі коммуникациялық желілерді ауыстыруға кететінін айтып, сендіруге тырысты. Артынша әкім жылдам жұмыс істеп, ақшаны ысырап етпеуді талап етті.

2016 жылы сәуірде қалалық билік Ақтөбеде үш көпір салынатынын хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар