Сапарбаев Ақтөбедегі өртке қарсы күрес жөніндегі жұмыстарға баға берді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев өртке қарсы жұмыстарға баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде төтенше жағдайлар қызметінің материалдық-техникалық базасы күшейтіледі. Жоспарға сәйкес өрт сөндіретін еріктілерді дайындау, оларды арнайы оқыту қарастырылған. Бұл жұмыстар төтенше жағдайларға қарсы жұмыстардың жылдамдығын арттыруға, халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақытталған.
«Өртке қарсы күрес жұмысын қанағаттанарлықсыз деп есептеуге болады. Өйткені адамдар құрбан болды. Қазір комиссия Әйтеке би ауданындағы қайғылы оқиғалардың себептерін анықтап жатыр. Бұл бәріміз үшін үлкен сабақ болуы қажет. Мұндай істердің қайталануына жол бермеуге тиістіміз», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
null

Сонымен қатар, төтенше жағдайлардың алдын алу кезінде облыстағы барлық қызметтердің жұмысын үйлестіруді, аудандардағы жедел штаб жұмыстарының тиімділігін арттыруды, өрт қауіптілігі жоғары аймақтарда орналасқан елді мекендерді үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар