Санжар Әділов ММА-дан әлем чемпионы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан ММА-дан Әлем чемпионатының финалдық сайыстары аясында Санжар Әділов (56,7 келі) тәжікстандық Умедуло Урфоновпен кездесті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
null
Бірінші раундтан бастап Санжар алаң иесі екенін көрсете білді. Партерде үнемі басымдық танытып, қарсыласын екі-үш рет тұншықтырып көрді. Алайда тәжік спортшысы айласын тауып кетті. Екінші раундта екеуі де белсенді қимылдап, ашық айқасты. Артынан итжығысқа түсті. Осы раундта Санжар өз қарсыласын тағы тұншықтырып көрді. Алайда өзі әдіске түсіп қала жаздады. Төрешілер шешімі бойынша Санжар Әділов жеңімпаз атанып, чемпиондық белбеуді иеленді.
null 

null 

null 
null 
null 

null 

null 

Айта кетейік, финалда Санжар Әділовтан бөлек Қазақстанның тағы төрт спортшысы өнер көрсетеді. Денис Муцнек (65,8 келі) ресейлік Абдулмуталип Гайрбеговқа қарсы шығады. Темірлан Иxсанғалиев (77,1 келі) Ресейдің тағы бір өкілі Шамиль Мусаевпен күш сынасып көрмек. Еркінбек Інжелдің (84 келі) қарсыласы да ресейлік спортшы - Магомед Шаxрудинов. Ал Мария Агапова (61,2 келі) беларус Лилия Казакпен төбелеседі.

Соңғы жаңалықтар