Санкт-Петербург метросында жарылыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Санкт-Петербург қаласының метросының «Сенная площадь» бекетінде жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Жарылыстың салдарынан 50 адам зардап шеккен, деп хабарлайды Санкт-Петербург губернаторының баспасөз хатшысы Андрей Кибитов.

«Қазіргі таңда 50-ге жуық адамның зардап шеккені анықталды, олармен дәрігерлер жұмыс жасауда. Қазіргі таңда жұмыс істеп жатқан жедел-жәрдем көлігінің саны 17, тағы да қосылады», - деп хабарлады ол.

Бұрын құқық қорғау органдарындағы дереккөз 10 адамның қаза тапқанын хабарлаған еді.

Соңғы жаңалықтар