Санкт-Петерборда 13 қабаттан құлаған қазақстандық суицид жасауы мүмкін - полиция

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Санкт-Петербор қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінен құлап өлген қазақстандық азамат алдын ала болжам бойынша өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдын ала болжам бойынша, жігіт әдейі,  өзін өлтіргісі келіп секірген. Санкт-Петерборда оның екі әпкесі тұрады, ал, Қазақстанда әкесі бар. Жігіттің әкесі баласының өлімін естіді. Қаза тапқан жігіттің кім екені 2014 жылы берілген төлқұжаттың арқасында анықталған»,-дейді  ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Әнуар Жайнақовтың айтуынша, Санкт-Петербордағы бас консулдық тергеуді өз бақылауына алған. Қазақстанның дипломаттары тергеу бөлімінің қызметкерлерімен тығыз байланысып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 32 жастағы қазақстандық жігіттің мәйіті Петербордағы Матрос Железняка көшесіндегі №57 үйдің қасынан табылған болатын. 

Соңғы жаңалықтар