Санк-Петербург дәрігерлері Петропавлда қабылдау өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа ғалымдары остеохондроз, қан қысымының тұрақсыздығы және бас ауруы сияқты жиі кездесетін дерттерді емдейтін өміршең әдіс ойлап тапты, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.

«Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бала туған кезде бірінші мойын омыртқасының, яғни атланттың жылжу қаупі бар. Егер осы құбылыс орын алатын болса, қан ағымы бұзылып, жүйке қабықшасы зақымданады. Ал бұл өз кезегінде бас ауруларына әкеліп соғады. Осы салада тәжірибе алмасуға келдік», дейді Санкт-Петербургтағы «Атлант» медициналық орталығының дәрігер-реабилитологы Владимир Бочановский. Оның айтуынша, ұсынылып отырған шетелдік әдіс өте тиімді әрі қауіпсіз. Омыртқаға еш зақым келмейді. Осы әдістің көмегімен науқасты толықтай емдеп шығуға болады.

 «Атлант» медициналық орталығының дәрігерлері әдісті жете меңгерумен қатар швейцариялық медициналық құрылғылардың көмегіне жүгінеді екен. «Осыдан 6 жыл бұрын оқыстан құлап, мойыным қатты зақымданған еді. Орталыққа қаралудың арқасында мойын сүйек  қалпына келді», дейді  пациенттердің бірі. Ондаған петропавлдық ресейлік дәрігерлердің қабылдауында болып, жандарына шипа тапты. 

Соңғы жаңалықтар