Сандық энциклопедия: «Қазақстан - Ұлы Дала Елі» қосымшасы жөнінде не білеміз

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Заманауи және интерактивті үлгіде еліміз туралы жан-жақты ақпарат алуға мүмкіндік беретін «Қазақстан - Ұлы Дала Елі» қосымшасы жөнінде не білеміз?

Бұл қосымша - құрамында Қазақстан туралы бірегей кешенді ақпарат жиналған сандық технологиялар саласындағы алғашқы өнімдердің бірі. Қосымшада қолданылған көптеген фотосуреттер мен бейнематериалдар эксклюзивті болып табылады және де бұған дейін жарияланбаған. Әзірлеуші әр материалдың техникалық және көркемдік сапасына жоғары талаптар қойған.

null

Қосымша Windows, Apple, Android  жүйелеріне негізделген құрылғылардың барлық түрлері (ұялы телефондар, планшеттер, ноутбуктер, компьютерлер) үшін жасалған. Веб-сайт үлгісіндегі нұсқасы да бар.

Өнімді жасауға бір топ жергілікті және шетелдік мамандар жұмылдырылған, олардың ішінде журналистер, фотографтар, видеооператорлар, дизайнерлер, бағдарламашылар, жалпы - 80 адам мен 33 мемлекеттік және жеке ұйым бар.

Қазақстандықтар үшін бұл қосымша Отанымыз туралы кешенді тақырыптардың кең ауқымын қамтитын нағыз сандық энциклопедия болып саналады. Тұтастай алғанда, қосымша 10 бөлімнен тұрады: география, тарих, қоғам, мәдениет, мемлекет, халықаралық қатынастар, экономика, туризм, Астана және «ЭКСПО-2017».

Отандық дипломаттар қосымшаны шетелдік әріптестерімен кездесулер мен презентациялар барысындағы ақпараттық-имидждік жұмыстарда, шетелдегі отандастар мен қазақ диаспорасының арасында тарата алады. Шетелдіктерді, әсіресе, Қазақстандағы туризм мен инвестициялар және «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы материалдар қызықтырады.

null

Қосымша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді.

Еске сала кетейік, 2016 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасының сол кездегі сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың халық  алдында есеп беру кездесуі барысында «Қазақстан - Ұлы Дала Елі» сандық технологиялар саласындағы жаңа өнімнің таныстырылымы өтті.

null

Сандық қосымшаны таныстыру кезінде Е. Ыдырысов атап өткендей, жаңа өнім ҚР Сыртқы істер министрлігі атқарған ақпараттық-имидждік жұмыстың нақты жемісі және Бес институционалды реформалар аясында атқарылатын «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының шеңберіндегі 87-қадамды жүзеге асыруға елеулі үлес болып табылады.

Қосымшаны AppStore және Play Market арқылы жүктеуге болады. Ол үшін іздеу жолағына - Kazakhstan Land of the Great Steppe енгізу қажет.

Тікелейсілтемелер:

AppStore - https://itunes.apple.com/ru/app/kazakhstan-land-great-steppe/id1117366063?l=en&mt=8

Play Market - https://play.google.com/store/apps/details?id=ro.siveco.kazakhstan

 

Соңғы жаңалықтар