«Сан-Хуан» сүңгуір қайығы жоғалған аумақта жарылыс тіркелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентина әскери-теңіз күштерінің «Сан-Хуан» сүңгуір қайығы жоғалған төңіректе жарылыс болғаны тіркелді, дейді Аргентина ӘТК өкілі Энрике Бальби. 

Бұл жайлы «Би-Би-Си» хабарлайды.

«Бортында 44 адамдық экипажы болған сүңгуір қайықты іздеу жұмыстары жалғасуда. Атлант мұхитында ядролық емес сипаттағы жарылысқа өте ұқсайтын қуатты акустикалық дүмпу тіркелді», - дейді Энрике Бальби.

Үрей туындататын акустикалық құбылыс 15 қарашада болған, содан кейін сүңгуір қайықпен байланыс үзілді.

ӘТК өкілінің айтуынша, дүмпу сүңгуір қайық тұрған аймақта болған. Бірақ ол қандай жарылыс екені туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Соңғы жаңалықтар