«Самұрық-Қазына» қорының 13 активі электрондық аукцион арқылы сатуға шығарылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның «Самұрық-Қазына» ақ 13 активті электрондық аукцион әдісімен сатуға шығару туралы шешім қабылдады.

Атап айтқанда, осы әдіспен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның 7 ұйымы сатуға шығарылады: «Бас-Балқаш 2004» ЖШС, «МАК-Екібастұз» ЖШС, «Көлік қызметтерінің орталығы» ЖШС, «Рауан Бурабай» ЖШС мен «Магистраль-Қызметi» ЖШС-нің 100% үлесі; «ҚазЭлектроПривод» БК» ЖШС-нің 50% және «Аймақтық форвардтық логистика» ҚБҰ-ның 90% үлесі.

Қорда хабарлағандай, электрондық аукцион арқылы «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ-ның «Омега» құрал жасау зауыты» АҚ мен «832 көлік жөндеу зауыты КИ» АҚ-ның 100% үлесі, сондай-ақ, «ЗИКСТО» АҚ-ның 42,13% үлесі сатуға шығарылады.

«Бірлескен химия компаниясы» АҚ электрондық аукционда «ОХК Инжиниринг» ЖШС-нің 25% үлесін, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ құрамына «Semurg Invest Temir Zholy» ЖШС кіретін  «Каскор-Транссервис» ЖШС-нің 12,87% үлесін сатуға шығарады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген 2016-2020 жылдардағы жекешелендірудің кешенді бағдарламасын іске асыру аясында, қор 2 тізімге бөлінген 216 активті (немесе активтердегі үлесін) сатуға шығарады. Бірінші тізімге стратегиялық маңызы бар 44 актив енді, оларды сатуды 2018-2020 жылдары іске асыру жоспарланып отыр. 172 бейінді емес активтерді сату 2016 жылдан басталды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Соңғы жаңалықтар