«Самұрық-Қазына» 2016 жылы 730 млрд. теңге пайда тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ компаниялар тобының 2016 жылғы табысы 730 млрд. теңгені құрады. Бұл жайында Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қордың қаржы және операциялар жөніндегі уақытша басқарушы директоры Ернар Жанәділ мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Самұрық-Қазына» АҚ 2016 жылды оңтайлы қаржылық нәтижемен аяқтады. Акционер үлесіндегі шоғырланған таза пайда 2016 жылдың қорытындысы бойынша 455 млрд теңгені құрады. Бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 180 пайызға немесе 292 млрд теңгеге артық», - деді ол

Қор мәліметінше, шоғырланған түсім соммасы 4,1 трлн теңгеге жуық. Бұл өткен жылдың көрсеткіштеріне қарағанда 32 пайызға жоғары.  Қор тобының шоғырланған түсімі 730 млрд. теңге болды. Бұл да 2015 жылғы көрсеткіштен 345 млрд. теңгеге артық. Жалпы әкімшілік  шығыстар 345 млрд. теңгені құрады. Бұл 2015 жылдың көрсеткіштерімен салыстырған 36 млрд. теңгеге кем.  Өткен жылы бюджетке шамамен 610 млрд. теңге салық төленді.

«2015 жылы мұнайдың орташа бағасы барреліне 52 доллар, ал 2016 жылы 44 доллар болды. Яғни, біз теріс әсер аламыз деп күткен едік. Бірақ, оң нәтиже орын алды. Бұл 2016 жылдың екінші жартыжылдығында мұнай бағасы көтеріліп, мол мұнай сатылып, түсім жоғары болды»,  - деді Ернар Жанәділ.

Соңғы жаңалықтар