Samsung телефонды қуаттайтын «ақылды» жемпір ойлап тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстіккореялық Samsung компаниясы «ақылды» жемпір моделін патенттеді. Бұл туралы Арменпресс  хабарлады.

Компанияның идеясына сәйкес, жемпір адамның қолының қозғалысынан энергия өндіретін болады. Бұл үшін күртенің жеңіне және алдыңғы бөлігіне  ұялы телефон иесінің белсенділігін есептейтін арнайы датчиктер орнатылады.

Ал аккумуляторды арқа тұсына орнату көзделген. Оның көлемі туралы мәліметтер әзірге жоқ. Бірақ патенттік өтінімге сәйкес, қуаты аса үлкен емес батареяларды пайдалану жоспарлануда.

Сарапшылар «ақылды» жемпір қаңтар айында Лас-Вегаста өтетін CES-2018 жәрмеңкесінде таныстырылатынын болжауда.

 

Соңғы жаңалықтар