Samsung АҚШ-тағы барлық Galaxy Note смартфонын өшіреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Samsung АҚШ-тағы барлық Galaxy Note 7 смартфондарын мәжбүрлі түрде өшіреді. Компания құрылғыны «жарамсыз» ететін арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету шығарады, деп хабарлады РБК NBC-қа сілтеме жасап.

Жаңарту телефон қуаттандырғышты мобильді желіге қосылу мүмкіндігін бұғаттайды. Бұл смартфондардың толықтай «мобильдік құрылғы ретінде жұмыс істеу мүмкіндігінен» айырады.

Бағдарламалық қамтамасыз ету телефондарға 19 желтоқсанда жолданады.

Қыркүйектің басында Galaxy Note 7 смартфондары иелеріне құрылғыларын сөндіріп, жылдам алмастыру ұсынысымен жүгінді. Себебі олардың қызып, жанып кету қаупі бар. Компания оған жеткізуші шығарған аккумулятордың ақауы себеп болғанын айтты. Алайда қазанның басында Samsung Оңтүстік Кореяда құрылғы сатылымын жаңартқан.

Жаңа телефон иесінің қолында жарылғаннан кейін компания Galaxy Note 7 смартфонын шығаруды тоқтатты. Reuters хабарлауынша осы жылдың үшінші тоқсанында табыс 30 пайызға төмендеген. Ол смартфонның жаңа үлгісіне байланысты орын алған.

Соңғы жаңалықтар