Самат Смақов «Ақтөбенің» директоры болып тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 39 жастағы Самат Смақов футболшы мансабын аяқтап, «Ақтөбе» клубының бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев және команданың бас бапкері Владимир Муханов Қазақстан құрамасының рекордшысы, «Ақтөбенің» бұрынғы капитаны Самат Смақовпен кездесті.

Кездесу соңында Самат Смақов «Ақтөбенің» бас директоры болып тағайындалды. Ал клубтың спорт директоры Ұлықбек Асанбаев болды. Бұған дейін бас директор болып істеп келген Мақсат Түмәлиев бұл лауазымда бір жыл ғана тұрақтады.

Соңғы жаңалықтар