Самарқанд жауһары БҰҰ-ға сыйға тартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Өзбекстан атынан БҰҰ-ға бағалы металдардан жасалған Регистан алаңының макетін сыйға тартты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА  uznews.uz-ге сілтеме жасап.

Сыйлық табыстау шарасына БҰҰ бас хатшысының орынбасары Джен Бигл, Бас Ассамблея сессиясына келген дипломаттар, БҰҰ ақпарат орталығының қызметкерлері қатысты. Регистан алаңының макеті Өзбекстанның ең таңдаулы қолөнер шеберлеріның қолынан шыққан және асыл металдармен, керемет ұлттық өрнекпен безендірілген.

«Өзбекстанның бет бейнесіне айналған аталған экспонаттың БҰҰ-ы штаб-пәтерінің ең көрнекті орындарының бірі - Қауіпсіздік Кеңесі және БҰҰ Бас Ассамблеясы залдарының ортасындағы дәлізге орналасқандығы терең мағынаға ие», - деді Өзбекстан президенті.

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Джен Бигл ел президентіне мұндай керемет әрі бағалы сыйлығы үшін алғысын білдірді. Регистан алаңы Самарқанд қаласының жауһары, жүрегі саналады. Регистан сөзінің өзі «құмды жер» дегенді білдіреді. Регистан моңғол басқыншылығына дейін қолөнер мен сауда-саттық орталығы ретінде танылған. Оның үш жағында да сәулетті ғимараттар орналасқан: Ұлықбек медресесі (1417 - 1420), Шер-Дор медресесі (1619 - 1636), Тилля-Кари медресесі (1647 - 1660). 

Соңғы жаңалықтар