Салық кодексінің жобасы: Аграрлық секторға ынталандыру шаралары ұсынылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шағын және орта бизнес үшін баламалы жаңа салық режімі ұсынылып отыр. Бүгін Парламент Мәжілісінде Салық кодексінің жобасын таныстыру кезінде ҚР Ұлттық экономика бiрінші вице-министрі Руслан Дәленов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолданыстағы арнайы салық режімдерін сақтау көзделуде. Баламалы жаңа режим ұсынылып отыр, яғни тіркелген шегерістер режімін енгізу ескерілген. Бұл кімнің айналымы үлкен, бірақ табысы аз болса, солар үшін тиімді. Ол өз түсімінің отыз пайызын растаусыз шегере алады. Ал егер шығыстарды есепке алуды жүргізетін болса, онда шығыстарын растағаны үшін сыйақы (шегерістер) алады. Салық төлеушілерге режімдерді таңдау құқығы беріледі»,-деді бірінші вице-министр.

Сонымен қатар ол «Оңайлатылған декларация» бойынша режімге арналған жеке тұлғалар үшін де, заңды тұлғалар үшін де кірістерінің көлемі бойынша талап бірдей болатынын атап өтті. Патентте мөлшерлемесі 2 пайызға 1 пайызға дейін төмендетіледі. Бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын енгізуге байланысты салықтық жүктемені төмендету үшін жасалуда.

Р. Дәленовтың сөзіне қарағанда, аграрлық сектор үшін де ынталандыру шаралары ұсынылып отыр. Еңбекақы төлеу қорына жүктемені төмендету үшін шаруа-фермер қожалығының басшысына, мүшелеріне және жұмыскерлеріне салынатын әлеуметтік салықты алып тастау ұсынылуда. Қызметтің басқа түрлерін бөлек есеп жүргізу жолымен жүзеге асыруға рұқсат берілетін болады.

Соңғы жаңалықтар