«Саламатты Қазақстан» пойызы Қостанайдағы жұмысын аяқтады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 27 тамыз күні Қостанай облысына келген медициналық пойыз бүгін жұмысын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Саламатты Қазақстан» пойызына мінген дәрігерлер облыстың 12 теміржол бекетіне аялдады. Олар бірінші жұмысын Есіл стансасынан бастаған.

Одан соң Фурманов, Ковыльная, Шалғышы, Құсмұрын, Аманқарағай, Денисов, Жітіғара, Баталы, Лисаков, Жаркөл, Тоғызақ елді мекендерінде болды. Пойыздың сегіз вагонында заманауи медициналық құрылғылар бар.

«Бізге мектеп оқушыларынан бастап, егде жасқа дейінгі кісілер келді. Шағын амбулаториялық операциялар мен толық циклді тексерістер жүргізілді. Пойыздағы дəрігерлерге де жақсы жағдайлар жасалған», - деді кардиолог маман Руслан Алпысбаев.

Тəжірибелі дəрігерлер облыс бойынша 4153 адамды қарады. Олардың 353-і - балалар. 15525 диагностикалық процедура жүргізілді.  545 тұрғын стоматологқа көрінді. 

Соңғы жаңалықтар