«Саламатты Қазақстан» аймақтарға сапарға шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыдан шыққан «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Жезқазған станциясына келіп тоқтады.Дәрігерлер бригадасының құрамында терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, лор, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог сияқты білікті бірінші және жоғары дәрежелі мамандары бар. 

Медициналық пойыз қызметтерін Қазақстанның шалғайдағы елді мекендерінің медициналық көмекке мұқтаж тұрғындары, теміржол қызметкерлері мен зейнеткерлер және олардың отбасы мүшелері пайдалануға мүмкіндіктері бар, деп хабарлайды«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Пойыздың бас дәрігері Арман Әбішевтің айтуынша, Жезқазған станциясында қазірдің өзінде жергілікті тұрғындарды қабылдап жатыр.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік жобалар қоры ұжымдық қорының директоры Ербол Кеңгірбаев медициналық пойыздар жұмысын ұйымдастыру барысына толық тоқталып кетті.
«ҚТЖ қай облыстарда және медициналық пойыздардың қаншалықты, қай уақытта болғанына талдау жүргізеді. Әр медициналық пойыз көп бейінді мамандандырылған консультативтік-диагностикалық көмек көрсету үшін арнайы жабдықталған, сондай-ақ медициналық персоналдың тұруына арналған сегіз вагоннан тұрады. Медициналық персонал мен пойыз бригадасына арналған екі вагон-купеде ауа баптағыштар, теледидарлар, тоңазытқыштар, себезгі, био-дәретханалар мен кір жуу орны орнатылған. Сондай-ақ вагон-ресторан мен вагон-дизельді генераторы бар. Оның күші ТЖ жағдайында шағын тұрғылықты елді мекендерге жарық беруге жеткілікті. Қалған төрт вагон тек халықты қабылдауға және медициналық көмек көрсетуге арналған. Бұл жағдайда дәрігерлерге арналған жайлы вагондар, пойыздардың жолда жылына 300 күн болуына орай жабдықталған», -дейді ол.

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының Басқарушы директоры Лима Диастың айтуынша, жобаның арқасында станциялар мен оларға іргелес жатқан елді мекендердің халқы аурулардың алдын алу үшін медициналық тексеруден өтеді, қажетті алғашқы көмек, кәсіби консультация мен әрі қарай емделу үшін жақын орналасқан медициналық орталықтарға жолдамалар алады. Бұдан бұрын Елбасымыз медициналық пойыздардың жұмысын жоғары бағалап, көліктік медициналық қызмет көрсетудің өзектілігін баса атап өткен болатын.

Қазақстан» медициналық пойызы Қарағанды қаласынан аттанады және ол биыл 11 сәуірден бастап 6 қараша аралығында орталық, солтүстік, шығыс өңірлерінің қалалары мен кеңшарларына барады.

Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерінің халқы биыл 18 сәуірден бастап 20 желтоқсан аралығында Алматы-1 станциясынан шығатын «Денсаулық» пойызының жоғары біліктілікті медициналық көмегін ала алады.

Атап өтерлігі, «Саламатты Қазақстан», «Жәрдем», «Денсаулық» медициналық пойыздары «ҚТЖ» ҰК» АҚ, ҚР Ішкі істер министрлігі, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен ұйымдастырылып келеді.






Соңғы жаңалықтар