Сал ауруына шалдыққан қазақстандық балаларды алдаған қытай дәрігерлері туралы ҚХР-дың Алматыдағы бас консулы пікір білдірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚХР астанасы Бейжіңдегі клиникада алданып қалған сал ауруына шалдыққан (ДЦП) балалары бар қазақстандық 13 отбасына қатысты мәселеге Қытайдың Алматыдағы бас консулы түсінік берді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Бұған дейін, «Sezimtal» қоғамдық қорының үйлестірушісі, адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов балаларға ем жүргізген Қытайдағы клиникамен арадағы дау сотқа дейін шешілетінін жеткізген.

«13 отбасының өкілі мен біздің қор қазан айында Бейжің қаласына ұшып барып, ауру балаларға қате ем жүргізген емханадан өтемақы алу жөнінде келіседі. Қажетті құжаттар реттелу барысында. Біз өтемақы тезірек жасалады деп сеніп отырмыз. Сонымен қатар, ҚР СІМ тарапынан да Қытайда жүргенімізде хабарласатын жағдай туындап жатса, қолдау табамыз деген үміттеміз», - деген болатын адвокат.

Оның айтуынша, «Sezimtal» қоғамдық қоры ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне қазақстандықтарды алдаған шетелдік клиникалардың «қара тізімін» жасау туралы ұсыныс жолдаған.

«Мен болған жағдай туралы БАҚ-тан білдім. Қытай БАҚ-тарының жазуынша, мүдделі адамдар қазіргі уақытта қытайлық ауруханамен байланысқа шығып, келіссөздер арқылы мәселені шешуге әрекеттеніп жатыр. Бұл жағдай осы жолмен шешіледі деп сенемін. Ата-аналарға клиника таңдағанда мамандардың біліктілігі жағына мән беру қажет екенін айтқым келеді», - деді ҚХР-дың Алматыдағы бас консулы Чжан Вэй.

Еске сала кетейік, церебральды сал ауруына шалдыққан балалары бар қазақстандық 13 отбасы Бейжіңдегі Лимин клиникасынан«3 S жүйкені бұғаттау» жүйесі бойынша ем қабылдауға өтініш білдірген. Алайда, ата-аналарының айтуынша, олар сұраныстары бойынша ем қабылдамаған. Олардың әр қайсысы 197 мыңнан шығын көрген.

Соңғы жаңалықтар