Сал ауруына шалдыққан қазақстандық балалар футбол ойнайтын болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда алғаш рет 7-18 жас аралығындағы сал ауруымен ауыратын балалардың спортпен тегін шұғылдануына арналған бірегей жоба іске қосылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Қазақстан Халықаралық сал ауруына шалдыққан балалар арасындағы футбол федерациясының (International Federation Cerebral Palsy Football) осы ерекше бағыттағы жаттықтырушылар үшін оқыту курсын жүргізуге арналған грантты жеңіп алды. Еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі жаттықтырушылар халықаралық сарапшылардан білім алып, ерекше балалармен жұмыс жасауға рұқсат етілетін сертификат алды. Бұл - команда жасақтап, болашақта Қазақстан ұлттық құрамасын құруға мүмкіндік береді. Ал, сал ауруына шалдыққан балалар халықаралық жарыстарға қатысатын болады. Қазақстан футбол федерациясы ойыншыларды футбол жабдықтарымен, құрал-саймандармен қамтамасыз етіп, жаттықтырушылардың жалақысын төлейді және еліміздегі бұл спорт түрін дамыту үшін атсалысатын болады.

1

«№2 Алматы қалалық арнайы мектеп-интернаты базасында тірек-қимыл жүйесі бұзылған балалардан төрт команда құрылды. Дәл осындай командалар алдағы уақытта Өскемен, Көкшетау, Астана, Қарағанды қалаларында пайда болады. Бұл - әлеуметтік маңызы бар үлкен жоба», - деді Қазақстан футбол федерациясы жалпы футбол департаментінің бас маманы Шыңғыс Темірханов.

2

Ол сал ауруымен науқастанған балалардың осы жоба арқылы әлемнің барлық бұрышынан достар тауып, әлеуметтік оқшауланудан шығуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Футболдың бұл түрінде әр командада он бір емес, жеті футболшы ойнайтын болады. Ойын алаңының көлемі қысқартылып, офсайд ережесі болмайды. Допты ауттан бір қолымен лақтыруға рұқсат етілген. Әрбір тайм 30 минутқа созылса, таймдар арасында 15 минут үзіліс болады.

3 

Соңғы жаңалықтар