Сақтандыру ұйымдарының міндеттемелері артты- ҚР Ұлттық банкі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банк өкілдері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері жыл басынан бері 10,4%-ке ұлғайғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық банктің хабарлауынша, 1 қарашадағы жағдай бойынша сақтандыру секторында 32 сақтандыру ұйымы жұмыс істейді. Сақтандыру ұйымдары активтерінің жиынтық көлемі 2017 жылғы 1 қарашаға 921,5 млрд. теңге болды.

«Сақтандыру ұйымдарының міндеттемелері жыл басынан бері 502,0 млрд. теңгеге дейін 10,4%-ке ұлғайды. Сақтандыру ұйымдары қолданыстағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін қалыптастырған сақтандыру резервтерінің көлемі жыл басынан бері 459,4 млрд. теңгеге дейін, 11,3%-ке өсті. Меншікті капитал 419,5 млрд. теңгені (өсу жыл басынан 4,3%) құрады. Сақтандыру сыйлықақылары 2017 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 2016 жылғы сәйкес көрсеткішпен салыстырғанда 311,9 млрд. теңгеге дейін немес 2,6%-ға ұлғайды, оның ішінде тікелей сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 280,1 млрд. теңге болды», делінген хабарламада.

Ұлттық банк 2017 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру сыйақылары 2016 жылдың ұқсас кезеңмен салыстырғанда 53,9 млрд. теңгеге дейін немесе 22,9%-ке ұлғайғандығын мәлім етті.

«Өмірді сақтандыру» саласы бойынша жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының үлесі 2016 жылғы 1 қарашада 14,4% болса, қазір 17,3%-ті құрап отыр. Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 109,6 млрд. теңгені немесе сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемінің 35,1%-ін құрады. Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының 84,0%-і Қазақстан Республикасы бейрезиденттеріне қайта сақтандыруға берілді. 2017 жылдың басынан бері төленген сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі (қайта сақтандыруға қабылданған шарттар бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерін шегергенде) 61,1 млрд. теңге болды, бұл 2016 жылғы осыған ұқсас кезеңнен 12,8%-ке аз», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар