Сағынтаев жүйе құраушы кәсіпорындар мәселелері жөнінде кеңес өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жүйе құраушы кәсіпорындар мәселелеріне арналған кеңес өткізді.

Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды.

Кеңес барысында тау-кен металлургиялық, мұнай-газ, химия салаларындағы кәсіпорындардың жұмысы, оның ішінде салық салу, транзиттік тасымалдарға тарифтер, төлем операциялары, өндірістік қалдықтарды сақтау және басқа да мәселелер талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев жауапты мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді. 

Соңғы жаңалықтар