Сағынтаев жетекші қазақстандық ІТ-компаниялардың басшыларымен кеңес өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген ІТ-саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев ІТ-саласының жетекші қазақстандық компаниялары басшыларының қатысуымен кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz .

Бизнес қауымдастық өкілдері отандық цифрлық индустрияны дамытудағы өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, түйіткілді мәселелер туралы айтты. Сонымен қатар, бүгінде ІТ мамандарын тауарларды, жұмыс пен қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдету мәселелері; ІТ-стартаптардың инновациялық гранттарын бөлу; салық жеңілдіктері мен артықшылықтарын ұсыну; МЖӘ тетіктерін жетілдіру; электрондық коммерцияны ынталандыру; отандық мамандарды даярлау мәселелері толғандырады.

Еске сала кетейік, отандық ІТ саланы дамыту мәселелері ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА мен Назарбаев Университетін аралауы барысында талқыланған болатын.

Өз Жолдауында ел Президенті цифрлық индустрияны дамыту барлық өзге салалардың дамуына серпін болатынын айтты және Үкіметке аталған мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. Осы орайда Мемлекет басшысы цифрлық технологияларды қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды дамыту міндетін жүктеді.

Соңғы жаңалықтар