Сағынтаев Үкімет мүшелеріне: Босаңсуға болмайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев еліміздің ағымдағы жылдың 6 айындағы жалпы ішкі өнімі өсімін оң бағалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Статистикалық мәліметтер  көрсеткіші жаман емес. Бұл ортақ жұмысымыз, Елбасының тапсырмасын орталық, өңірлердегі жергілікті атқарушы органдар бірлесіп атқардық. Өсім жоғарыда атап өтілгендей 4,2 процент болды. Дегенмен, негізгі жұмыстарды екінші жартыжылдықта атқаруға тура келеді. Біз дәл осы қарқынды ұстап тұруға тиіспіз. Сондықтан босаңсуға болмайды», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар ол алдағы уақытта Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар тиісті шаралар қабылдауы қажет екендігін баса айтты.

«Сонымен қатар бюджет қаржысының шығыс бөлігінің орындалуына мониторинг жүргізу қажет. Артта қалып жатқан жайттарды да көріп отырмыз. Әлі де жарты жыл уақыт бар», - деді Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар