Сағынтаев: Тәуелсіздік жылдарында қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 5 жылға ұлғайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысында медициналық қызметтерді дамыту мәселесі қаралды. Осы орайда Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы денсаулық саласын еске алып, бүгінгі жетістіктерге де тоқталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Үкімет үйінен.

Үкімет басшысының айтуынша, Тәуелсіздік жылдары елімізде мемлекет қаражатынан 1 300-ден астам денсаулық сақтау нысандары іске қосылды. Жылдың соңына дейін тағы 350-ге жуық емxаналар мен амбулаторияларды салу жоспарланып отыр.

«Сонымен қатар, Елбасының тапсырмасы бойынша барлық облыстарда қазір кардиоxирургиялық бөлімдер желісі ашылды. Астанада медициналық кластер іске қосылды. Елімізде жүрекке, миға бұрын болмаған операциялар жасау қолға алынып отыр. Осының нәтижесінде елімізге шетелден көптеген науқастар емделуге келіп жатыр. Осы соңғы 8 айдың ішінде 7,5 мыңнан астам шетел азаматы Қазақстанда емделген екен. Іске асырылған шаралардың нақты нәтижесі, xалықтың орташа өмір сүру ұзақтығы ұлғайды. Мысалы, Тәуелсіздік алған алғашқы 1991 жылды мысалға алатын болсақ, өмір сүру ұзақтығымыз ол кезде 67 жас болған. 25 жылда аталған көрсеткіш 5 жасқа ұлғайып отыр. Сонымен қатар, ана өлімі бес есе, бала өлімі үш есеге азайған», - деп атап көрсетті Б.Сағынтаев.

Отырыс барысында баяндама жасаған денсаулық және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу аясында медициналық қызметтердің сапасын барынша көтеру жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар