Сағынтаев Талдықорғандағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтіп жатыр. Шараға Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жәрмеңкеде 100-ге жуық кәсіпорын 1500-ден астам жұмыс орнын ұсынылуда. Жұмыс берушілердің арасында «JLC Сут», «Джей Ти Ай Қазақстан», «Қайнар АКБ», «Филип Моррис Казақстан», «Эфес Казақстан» сияқты ірі компаниялар бар. Сондай-ақ 20 техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары 40-тан астам мамандықты таныстыруда. Шараға облыстың аудан мен қалаларынан жұмыс іздеп жүрген жандар шақырылған.
null 

Бақытжан Сағынтаевқа мұндай жәрмеңкелердің жиі өткізілуі есебінен, биылғы жылдың басынан бері 6 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыру мүмкін болғаны баяндалды. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарымен 2300-ге жуық адам, маусымдық жұмыспен - 1300 адам қамтамасыз етілді, жергілікті бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін қоғамдық жұмыстармен 2700 адам қамтылған.

Соңғы жаңалықтар