Сағынтаев Талдықорған ауруханасындағы маман тапшылығына назар аударды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысына іссапармен келген Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев өңірдегі медицина саласы мамандарының тапшылығына назар аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет басшысы облыс орталығында былтыр пайдалануға берілген көпсалалы аурухананы аралау барысында МРТ (магнитті-резонансты томография) аппаратында екі дәрігер ғана жұмыс істеп отырғанын білді. Ал науқас  бұл  аппаратқа түсу үшін кемінде бір апта бойы кезек күтуі тиіс. Бұл жөнінде аталған мекеменің басшылығы Бақытжан Сағынтаевқа өздері айтып берген. Үкімет басшысы мұндай жолдан шығудағы өз ойын білдірді. Премьер-Министр бұл олқылықты жекеменшік медицина үлесін арттыру арқылы түзетуге болатынын жеткізді. Оның пайымынша, жекеменшік медицинадағылар маман жоқ деп қол қусырып отырмайды. Тығырықтан шығудың жолын табады.

Айта кету керек, бүгінде Алматы облысының медицина саласында  170-тен аса дәрігер  маманы жетіспейді.  Қазір екі миллион тұрғыны бар өңірде  2 гепатолог дәрігер ғана жұмыс істейді.  

Соңғы жаңалықтар