Сағынтаев Швецияның Сауда жəне инвестициялар жөніндегі кеңесінің өкілдерімен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Fraunhofer қолданбалы зерттеулер институтының жəне Швецияның Сауда және инвестициялар жөніндегі кеңесінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын іске асыру аясындағы төртінші өнеркәсіптік революция элементтерінен тұратын, өнеркәсіптің базалық салаларын 2025 жылға дейін технологиялық қайта қаруландыру жөніндегі кешендік шараларды əзірлеу бойынша ынтымақтастық келешегі талқыланды.

Айта кетейік, Fraunhofer - өнеркәсіптік автоматтандыру институты, жаңа материалдарды зерттеу институты, зияткерлік жүйелер институты секілді шамамен 69 институтты біріктіретін, 24,5 мың қызметкер еңбек ететін өнеркәсіптегі қолданбалы зерттеулердің ірі еуропалық институты.

Соңғы жаңалықтар