Сағынтаев «Роял Датч Шелл» өкілдерімен Қашаған және Қарашығанақ жобаларын талқылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Роял Датч Шелл» концернінің барлау және өндіру жөніндегі бөлімшесінің директоры Энди Браун бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлады ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында Солтүстік Каспий (Қашаған) және Қарашығанақ бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Еске сала кетейік, Қазақстанда «Шелл» ағылшын энергетикалық концерні төрт жобаға қатысады: Солтүстік Каспий бойынша өнімдерді бөлу туралы келісім; Қарашығанақ кен орнының өнімдерін бөлу туралы түпкілікті келісім; «Жемчужина» лицензиялық учаскесін дамыту бойынша өнімдерді бөлу туралы келісім және Каспий құбыр консорциумы.

Соңғы жаңалықтар