Сағынтаев онкологиялық жабдық шығаратын компанияның басшысымен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Varian Medical Systems» компаниясының Президенті Жан-Люк Девлешауермен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz">primeminister.kz .

Кездесу барысында цифрландыру және онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасы аясында Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне жаңа технологияларды тарту бойынша ынтымақтастықты орнату мәселелері талқыланды.

Айта кетерлігі, Varian Medical Systems, Inc компаниясының негізі 1948 жылы АҚШ-та қаланды, штаб-пәтері Калифорнияда орналасқан. Компания  онкологиялық ауруларды емдеуге арналған құрал-жабдықтарды және бағдарламалық өнімдерді жобалау, өндіру, сату және қызмет көрсетумен айналысады.

Соңғы жаңалықтар