Сағынтаев «Нұрлы жер» аясындағы тұрғын үй құрылысының барысымен танысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында 2020 жылға дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1 млн астам шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде 4 909 несиелік тұрғын үй пәтері және 868 арендалық тұрғын үй пәтері бар. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа облыс орталығындағы «Сарыарқа» шағын ауданын аралау барысында баяндалды.

Бақытжан Сағынтаев «Сарыарқа», «Достық» шағын аудандары құрылысының бас жоспарымен танысты, онда жалпы 100 га-дан астам ауданда 400 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй, 4 балабақша, мектеп, емхана және әлеуметтік және мәдени-спорттық мақсаттағы басқа да нысандар пайдалануға беріледі.

Облыс орталығында және өңірдің ірі өнеркәсіп орталықтары - Екібастұз және Ақсуда жеке тұрғын үй құрылысын дамыту шаралары қолданылуда. Облыста 2020 жылға дейін барлығы шамамен 437 мың шаршы метр жеке тұрғын үй салу жоспарланған.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев облыс орталығының инфрақұрылым нысандарын дамытумен танысты және Ертіс өзенінің үстімен өтетін көпір өткеліне барды. Орталық Азия елдеріндегі ең ірі көпір құрылысы еліміздің Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмасымен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған. Көпір «Орталық-Шығыс» көлік дәлізінің бір бөлігі болып табылады.

Соңғы жаңалықтар