Сағынтаев қолжетімді баспананың аз салынып жатқанын сынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы жер» бағдарламасын орындау барысына қатысты тапсырмаларды жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өңірлер арасында белгілі бір үйлеспеушілік бар. Осы орайда жоспарлау дұрыс іске асырылмауда. Сонымен қатар Парламентте депутаттар да мектеп қажеттілігі мәселесін көтерген болатын», - деп тоқталды Үкімет басшысы.

null 

Бұл тұрғыда Б. Сағынтаев баспанаға қажеттілік пен құрылыс ауқымы арасындағы теңгерімсіздік орын алған мәліметтерді жария етті.

«Алматы облысында 37 мыңға жуық адам кезекте тұрған болса, жылдық жоспар 82 пәтер ғана. Қарағанды облысында кезекте 35 мың адам тұрса, жылдың ішінде 387 пәтер ескерілген. Маңғыстау облысында кезекке 17 мың тіркелсе, жылдық жоспар - 1 132. Ал Ақтөбеде кезекте 26 мың адам тұрған болса, жылдық жоспар 2 600-ге тең», - деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы бірінші орынбасары Асқар Маминге бұл мәселені жеке бақылауға алуды тапсырды. 

«Саладағы осы жағдайды пысықтау керек. Әрине, құрылыс ауқымы жоғары өңірлер қолдауға лайық, алайда сұраныс жоғары жерлерде мүлдем құрылыс байқалмайды. Бұндайға жол берілмеуі керек», - деп түйіндеді сөзін Б. Сағынтаев.

Соңғы жаңалықтар