Сағынтаев: Қазақстанда цифрлық сауаттылықтың көрсеткіші арта түседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев еліміздегі цифрлық сауаттылықты арттыруда әлеует жоғары екенін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде Қазақстанның 77 пайыз ересек тұрғындары базалық цифрлық сауаттылықты игерген және интернетке қол жеткізіп отыр. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта арта түседі. Мемлекеттің барлық өңірлерін интернетпен қамтамасыз ету цифрлық экономиканың көптеген секторларын үдемелі дамытуға жағдай жасайды. Олардың ішінде ең маңыздылардың бірі ретінде қашықтықтан білім беру, телемедициа, медицинадағы жасанды интеллект, элтектронды сауда бағыттары ескерілген», - деді Б. Сағынтаев Цифрландыру мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте.

Осы орайда ол бұл қадамдар қазіргі заманғы әлемде қарқынды өсіп келе жатқанын атап өтті.

«Мәселен, соңғы 10 жылда Қытайда электронды сауда көлемі 100 есеге артты. Атап айтқанда елде интернетпен толықтай қамтудың нәтижесінде Үкіметке осы қызметтік секторлардың әлеуетін кеңінен ашуға мүмкіндік берді», - деді Премьер-Министр.

Оның пайымынша, еліміздегі ақпараттық технологияларға «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы тың серпін береді. Бұл шешімдер электрондық үкіметке және киберқауіпсіздіккен қатысты болады. Бағдарлама басымдықтарының бірі қоғам өміріндегі барлық салаларға цифрлық қызметті кеңінен енгізуге негізделген.

«Қазақстан Үкіметімен цифрлық қоғамның өтпелі жүйесін құру жоспарланған, яғни ол тұтынушыға қолайлы жағдай жасау үшін арналуда. Ғаламшардағы цифрлық мегарендер елдердің алдына озық технологияларды қандай тәртіппен енгізу жайындағы мәселені қойып отыр. Өз кезегінде дұрыс таңдау жасаған мемлекеттер үлкен мақсаттарды шешудің жаңа салалары мен әдістерінің мүмкіндігіне ие болады», - деді Премьер-Министр.

Осы орайда Үкімет басшысы Қазақстанда нақты реттеуші шешімдермен болашақ экономикасының жаңа секторларын құруда зор мүмкіндік бар екенін жеткізді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Бақытжан Сағынтаев Үкімет 9 базалық салада үдемелі цифрландырудың стратегиясына мән беріп отырғанын мәлім еткен болатын.

 

Соңғы жаңалықтар