Сағынтаев Қарағандыдағы нан-тоқаш өнімдері зауытының жұмысымен танысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында «Сарыарқа Нан Қарағанды» ЖШС кәсіпорнына барды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Онда Үкімет басшысы нан-тоқаш өнімдері өндірісінің технологиялық ерекшеліктері мен инновациялық шешімдерімен танысты.

Нан пісіретін зауыттың бас директоры Айгүл Бүрленова өндірісте қолданылатын технологиялар мен кәсіпорынның келешектегі жоспарлары туралы айтып берді.

Өндіріс орны ұнды ыдыссыз сақтау орны, су өңдейтін бөлмесі, кондитерлік цех пен қалыпты нан пісірілетін туннельдік пеші бар кешеннен тұрады.

Бұдан кейін Бақытжан Сағынтаевқа зауыт шығаратын нан-тоқаш өнімдерінің көрмесі көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар