Сағынтаев Қарағанды облысының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бизнесмендерге сервистік және консультациялық қызметтер көрсетілетін Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын аралады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

КҚКО-ның операциялық залында кәсіпкерлерге даму институттары, атап айтқанда, «Даму» қоры, ХҚКО, екінші деңгейдегі банк және инвесторларға қызмет көрсету орталығының өкілдері кеңес береді. Арнайы «Оқу сыныбында» Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында несиелеу шарттары мен қолдау шараларын түсіндіру бойынша семинарлар өткізіледі.

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Жолдауына сәйкес кәсіпкерлікті дамыту елімізде экономикалық өсімнің жаңа моделін қалыптастыру кезінде басты бағыттардың бірі болып табылады. Осыған байланысты ҚР Үкіметі «Атамекен» ҰКП-мен бірге отандық бизнесті қолдау шараларын кеңейту бойынша, оның ішінде Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру арқылы кешенді жұмыс жүргізуде.

Айта кетерлігі, 2016 жылы қарағандылық Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы кәсіпкерлік қызметтің 3 433 субъектісіне 4 668 сервистік қызмет көрсетті. Бұдан өзге, 2016 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында мұнда 299 жұмыссыз кәсіпкерлік негіздерін оқыды, 138 адам жалпы 395 млн теңге сомаға қаржыландыру алды.  

Соңғы жаңалықтар