Сағынтаев Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарланды primeminister.kz сайтында.

Отырыс барысында бизнесті дамыту мен инвестициялар тартудың маңызды факторлары ретінде экологиялық заңнама мен экологиялық реттеу жүйесін жетілдіру мәселесі талқыланды.

Күн тәртібіне орай талқылауда Қазақстандағы Америка сауда палатасының атқарушы директоры Д. Брэдбюри, Қазақстандағы АҚШ елшісі Д. Крол, Қазақстандағы Ұлыбритания елшісі К. Браун, Қазақстандағы Еуропалық Одақ елшісі Т. Христеа, Қазақстандағы Америка сауда палатасының президенті К. Мак, North Caspian Operating Company басқарушы директоры Б. Жардин, AES тобының, Еуразия стратегиялық бөлімшесінің президенті М. Грин, ЭЫДҰ қоршаған орта бойынша басқармасының аға менеджері К. Макалик, ЕҚҚДБ бизнес пен өнімдерді дамыту директорының орынбасары В. Дюжинхауэр, ҚР энергетика министрі Қ. Бозымбаев, ҚР ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов және т. б. сөз сөйледі.

 

Соңғы жаңалықтар