Сағынтаев халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл кеңесінің отырысын өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Үкімет пен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы серіктестік туралы шектелмелі келісімдерді іске асыру бойынша Үйлестіру кеңесінің, сонымен қатар Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат PrimeMinister.kz сайтына сілтеме жасап.

Кеңес барысында «Бизнестегі әйелдер» жобасын іске асыру мәселелері, ағымдағы жобалардың жекелеген аспектілері талқыланып, халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы мен өсіміне ықпал ету жобаларына мониторинг жүргізу, үйлестіру және іріктеу ережелерін бекіту қабылданды.  

Сондай-ақ, ЭЫДҰ-ның әрекеттегі жобалары бойынша бірнеше мәселе, ЭЫДҰ-мен Елдік бағдарлама тізіміне жаңа жобаларды қосу келешегі қаралды және Алматы қаласында Еуразия аптасы 2017 - ЭЫДҰ отырысын өткізуге дайындық шаралары талқыланды.

23-25 қазан аралығында Алматы қаласында ЭЫДҰ басты отырысы - «Еуразия аптасы 2017»-ні өткізу жоспарланып отыр. Оған ЭЫДҰ-ға мүше елдердің елшілері мен министрлері, БЕБ қатысушы 13 елдің мемлекеттік органдарының өкілдері мен үкіметтерінің мүшелері қатысады. Бүгінгі таңда 237 қонақ қатысатынын растады.

Соңғы жаңалықтар