Сағынтаев Еуразия даму банкі кеңесінің отырысын өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Еуразия даму банкі (ЕАДБ) кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz .

Отырыс барысында банк қызметінің қазіргі және перспективалық бағыттары, халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастық мәселелері, бірлескен интеграциялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ, бәсекеге қабілеттілікті арттыру мәселелері талқыланды.

Отырыс жұмысына бейнеконференция режимінде ЕАДБ-ге мүше барлық ел қатысты. Кеңес А. Бельяниновтың банктің басқарма төрағасы қызметіне тағайындалуын бірауыздан мақұлдады.

Еске сала кетейік, Еуразия даму банкі 2006 жылғы 12 қаңтарда қол қойылған мемлекетаралық келісім негізінде құрылған. Банкті құруға Қазақстан мен Ресей президенттері бастама білдірген.

 

Соңғы жаңалықтар