Сағынтаев еліміздің бизнес ахуалын жақсарту бойынша кеңес өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның бизнес ахуалын одан әрі жақсарту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңес барысында «Doing Business» рейтингісіндегі Қазақстанның позицияларын жақсарту бойынша заңнамалық бастамалар пакеті талқыланды, деп хабарлайды primeminister.kz .  

Қолданыстағы заңнамаға аталған түзетулер 2016 жылдың соңында мемлекеттік органдардың, отандық және халықаралық сарапшылардың, еліміздің бизнес қауымдастықтарының ұсыныстарын ескере отырып әзірленді.

Еске салсақ, жобада «Doing Business» рейтингісінің келесі 9 индикаторы бойынша түзетулерді қарастыратын 6 кодекс пен 15 заңға өзгерістер енгізу ұсынылған: «Меншікті тіркеу», «Кәсіпорындар ашу», «Келісімшарттарды орындау», «Несиелер алу», «Миноритарлық инвесторларды қорғау», «Төлем қабілетсіздігіне рұқсат беру», «Құрылысқа рұқсат алу», «Электрмен қамту жүйесіне қосу», «Салық салу».

Соңғы жаңалықтар