Сағынтаев Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысы өтті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.

Отырыс барысында нақты уақыт режимінде төлемдерді қолдауға және оның негізінде мобильді төлемдерді енгізуге ықпал ететін банкаралық есептер жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.

Өз сөзінде ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Д. Ақышев электронды коммерция, цифрлық банкинг, «ақылды қалалар» мен интеллектуалды жүйелерді дамытудың негізі саналатын онлайн төлем инфрақұрылымын дамытудың тәсілдері туралы айтып берді.

Кеңес барысында ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, қаржы министрі Б. Сұлтанов, инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қ. Есекеев, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы С. Сәрсенов сөз сөйледі.

Соңғы жаңалықтар