Сағынтаев БҚО-да мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің дамуын бағалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған мектепке дейінгі балалар ұйымының жұмысымен танысты.

Нысанды аралау барысында ҚР Премьер-Министріне балабақшаның қазіргі жұмысы жайлы баяндалып, ғимараттағы дамыту бөліміндегі сабақтар көрсетілді, деп хабарлайды primeminister.kz.

200 орынға шақталған «Жәңгір хан» балабақшасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарын қолданумен салынған. Мекеменің компьютерлік сауаттылыққа үйрету кабинеттері, қызығушылықтар, өзін-өзі тану бөлмелері, сонымен қатар шығармашылық бейнелеу студиясы бар.

Айта кету керек, ҚР Президентінің Жолдауына сәйкес, мемлекеттік-жекешелік әріптестік инфрақұрылымның, оның ішінде әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі тетігіне айналуы тиіс. МЖӘ тетігі білім беру нысандарына инфрақұрылымдық қолдау көрсету мен құрылыстан өзге, бюджет қаражаттарын үнемдеуге, сонымен қатар бизнеске тиімді жағдайларда жобаларды іске асыруға үлкен мүмкіндіктер береді.  

Соңғы жаңалықтар