Сағынтаев «Airbus Group» еуропалық компаниясының басшылығымен кездесу өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Airbus Group» еуропалық компаниясының басшылығымен кездесу өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Кездесу барысында «Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг» ЖШС мен «Ғалам» ЖШС бірлескен кәсіпорындары жұмыстарының мәселелері, сонымен қатар аэроғарыш және қорғаныс салаларындағы бірқатар жобаларды жүзеге асыруға қатысу мәселелері қаралды. 

Соңғы жаңалықтар