Сағадиев: Мектептердегі үрейді жоюға тырысудамыз

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мектептердегі қағаз есептілік жойылады. Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде біз ҰБДБ, Күнделік арасындағы қағаз есептілікті алып тастай аламыз. Бұл тұрғыда айта кетерлік бірқатар маңызды мәселелер бар. Бірінші - ол мұғалімдердің барлық деңгейдегі тексерушілердің алдындағы қорқынышы. Осының салдарынан олар электронды да, қағаз журналдарын да қатар жүргізуге мәжбүр. Бүгінде бірінші міндет- Қаржы, Білім министрліктері мен прокуратураның бірлескен нұсқаулығын шығару. Тексерушілер үшін журналдың қағаз және электронды нұсқаларын бірдей ету. Осыны барлық тексерушілерге жеткізу көзделіп отыр және мектептегі үрейді жою мақсатында тиісті шаралар атқарылуда. Бүгінгі таңда құжат Қаржы министрлігінде», - деді Сағадиев.

Бұдан бөлек, ол мектептерді интернетпен толықтай қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды. «Мәселені тез арада шешу керек. Сондықтан «Сандық Қазақстан» бағдарламасы бойынша бірінші кезекте тұр. Біз биыл әрбір сыныпқа wi-fi-ды тартуға тырысамыз», - министр.

Соңғы жаңалықтар