«Садовое» кәсіпорнының сүт өнімінен ішек таяқшасы табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысының «Садовое» кәсіпорны шығаратын «Барские продукты» сүтінен ішек таяқшалары бактериясы табылды, деп хабарлады ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетіне сілтеме жасап.

«Алексеевский молочно консервный комбинат» ЖАҚ өндіретін «Алексеевское» қанты бар қойытылған сүттен және Ақмола облысының «Садовое» сүт кәсіпорны шығаратын «Барские продукты» сүтінен ішек таяқшалары тобына жататын бактериялар табылды. Ал, Қарағанды сүт зауыты өндірген «Домик на Хуторе» қаймағы өнім таңбалауында көрсетілген майлылыққа сәйкес келген жоқ, бұл тұтынушыларды алдау болып есептеледі», - делінген хабарламада. 

Техникалық регламент талаптарын бұзу фактілері бойынша, соның ішінде қауіпті өнімді табу бойынша комитет сауда субъектілеріне қатысты сәйкес шараларды жүргізіп жатыр.

Талаптарға сай келмейтін өнімдер туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына хабар жіберілді, өндірушілерге қауіпті өнімді өндіруге жол бермеу және олқылықтарды жою туралы хабарлама жіберілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті «Эрмигурт» кілегей йогуртынан («Эрман» ЖШҚ, Мәскеу облысы) және «Снежок» қышқыл сүт өнімінен (Ақмола облысы, Есіл май комбинаты) зең табылғанын хабарлаған еді.

Соңғы жаңалықтар