Сәбина Алтынбекова қытайлық әлеуметтік желіде жеке парақшасын ашты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова қытайдың Sina Weibo (Туиттердің баламасы) әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы спортшы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. Ал Instagram-ды қолдануға болмайтын қытайдағы Сәбинаның жанкүйерлері өздерінің қуаныштарын жасыра алмады.
null  

Айта кетейік, Сәбина 2014 жылы Тайваньда өткен 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы волейболдан 17-ші Азия чемпионатында сұлулығымен Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі ең танымал спортшыға айналды. Бірнеше күнде оның жүз мыңнан астам жанкүйері пайда болды.

Соңғы жаңалықтар