Сәбиін еденге ұрған әйел аналық құқығынан айырылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Қарасай ауданындағы №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Талғар ауданының білім бөлімі түсірген талап арызды қанағаттандырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

7 айлық сәбиін еденге ұрған Марина Тюменцева және оның азаматтық некедегі жолдасы К. Овсянников  ата-аналық құқығынан айырылды. Сот қаулысына сәйкес,  М. Тюменцева балалары кәмелеттік жасқа толғанға дейін алимент төлеуге міндеттелді. Яғни, ол 19.01.2018 жылдан бастап  айлық табысының 1/3 бөлігін ай сайын балаларының жеке шотына жіберіп отыруы тиіс. Ал оның азаматтық некедегі жолдасы К. Овсянников қызына ай сайын табысының ¼ бөлігін төлеп отыруы керек.

Ал кәмелеттік жасқа толмаған үш баланы қамқорлыққа алып, оларды орналастыру мәселесі Талғар ауданының  білім бөліміне жүктелді.

Естеріңізге сала кетейік, Марина Тюменцева 7 айлық сәбиін еденге ұрғаны үшін ҚР ҚК  140 бабы 2 бөлігі бойынша сотталып, оған 25 АЕК көлемінде айыппұл салынған болатын. Артынша Талғар ауданының білім бөлімі қатыгез ананы және оның азаматтық некедегі жолдасын ата-аналық құқығынан айыру туралы сотқа арыз түсіргенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар