С.Вайгант штанганы жатып көтеруден Азия чемпионы атанды-Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат-Ақмолалық спортшы Сергей Вайгант Филиппин елінде өткен Азия чемпионатында алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Кессон қаласында әлемнің 20 елінен жиналған спортшылар арасында штанганы жатып көтеру бойынша Азия чемпионаты өтті.

105 келі салмаққа дейінгілер арасында өткен жарыста жерлесіміз Сергей Вайгант 300 келі нəтижесімен жарыс жеңімпазы атанды.

Сергейдің жаттықтырушысы, əлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы Кирилл Павленконың сөзіне қарағанда, байрақты додаға Ақмола облысынан 5 спортшы қатысқан. Оның ішінде Сергей Вайганттың бабы мен бағы қатар шапты.

«Жалпы, біз үздік үштікке кіруді мақсат тұттық. Бұл біз үшін үлкен көрсеткіш еді. Дегенмен Сергей ештеңеге қарамастан барын салып, жеңіс тұғырынан көрінді», - деп қуанышымын бөлісті Кирилл Павленко.

Еске сала кетейік, штанганы жатып көтеру бойынша Азия чемпионаты қыркүйектің 12-не дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар